Бейжіңде өтетін Олимпиада ойынының әнұранын ел «плагиат» деуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжіңде өтетін Олимпиада ойынының әнұранын ел «плагиат» деуде

Бейжіңде өтетін Олимпиада ойынының әнұранын ел «плагиат» деуде

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысты әлден қып-қызыл дау шықты. Яғни Бейжіңде өтетін ақ ойынның әнұранын жұрт «плагиат» деп жатыр. Композиторы Чжао Чжао оны Голливуд мультфильмінің саундтрегінен көшіріп алған екен.

  • 19 Тамыз 2015
  • 342
Фото - Caravan.kz

Қытай сазгері Чжао Чжао әнұранға «Уолт Диснейдің»  туындысы – «Суық жүрек» мультфильмінің әуенінен көшіре салыпты. Оны блогерлер сараптама арқылы дәлелдеп те берген. Плагиаттың салыстырмалы нұсқасын әзірлеп, интернетке де салған. Блогерлер мұны Қытай атына кір келтіру деп есептеуде. Бірақ Чжао Чжао айыпты мойындар емес. Оны жай ғана нота ұқсастығына балайды. Әзірге бұл дауға қатысты ресми Бейжің мен Халықаралық олимпиада комитеті ештеңе айтқан жоқ. Егер плагиат заң жүзінде анықталса, «Уолт Дисней» студиясы Чжао Чжаоны сотқа тартуы мүмкін. Айта кетсек, 2022 жылғы Ақ ойындарды ұйымдастыру құқығы Бейжіңге ресми түрде 31 шілдеде берілген болатын. 

Соңғы жаңалықтар