Бейжіңде өткен мерейтойлық КТК ойындары Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжіңде өткен мерейтойлық КТК ойындары Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды

Бейжіңде өткен мерейтойлық КТК ойындары Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды

Бейжіңде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған Көңілділер мен тапқырлар клубы (КТК) ойындарының бесінші мерейтойлық ойындары болып өтті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 535
Фото - Caravan.kz

28 мамырда өткізілген іс-шараға алты команда қатысты. Ойындардың нәтижелері бойынша бірінші орынды «KEJI» командасы, екінші және үшінші орындарды «Базар жоқ» және «Internation Assorti» командалары иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

КТК-ның Бейжің лигасын ұйымдастырушылар Шыңғыс Тоққұлов пен Сайын Мұсаевтың айтуынша, мерейтойлық КТК ойындарының басты мақсаты — Бейжіңде оқып жүрген қазақстандық студенттерді біріктіру және топтастыру.

Мерейтойлық КТК ойындарын «Жас Қыран» жастар ұйымы Қытайдағы Қазақстан Елшілігі мен Бейжің қаласының мэриясының қолдауымен ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар