Жарияланды: 330

Бейжіңде ШЫҰ мүше-мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі өтті

24-25 желтоқсанда Бейжің қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияны Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев басқарды. 2013 жылғы Қырғыз Республикасында өткізу жоспарланған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысына, ШЫҰ Хатшылығы қызметкерлерінің кадрлық алмастырылуына және Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне, сондай-ақ Түрік Республикасына ШЫҰ-ның сұхбат бойынша әріптес мәртебесін беру туралы Меморандумға қол қоюға байланысты мәселелер талқыланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін