Bek air апаты: Билет ақшасын кім қайтарады? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Bek air апаты: Билет ақшасын кім қайтарады?

Bek air апаты: Билет ақшасын кім қайтарады?

Бірдің кесірі мыңға!.  

  • 17 Қаңтар 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz


"Бек-Эйр" компаниясының ұшақ билеттерін сатқан туристік агенттіктер шығынға белшеден батуы мүмкін. Себебі, кестеден алынған рейс билеттерінің ақшасын ешкімге қайтармаған. Туристік агенттіктер ұшпай қалған жолаушыларға шығынды өзіміз өтейтін болсақ, қызметкерлеріміз жалақысыз қалады дейді. Ал "Бек-Эйр" әуе компаниясын қазір прокуратура тексеріп жатқаны белгілі.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Otrar Travel"  "Бек-Эйр" компаниясының үшақтарына 40 миллион теңге ден астам қаржыға билет сатқан. Енді олардан көк тиын ала алмағандықтан, тұтынушыларына билет құнын қайтаруды тоқтатуға мәжбүр болған.  Өйткені, өз қаржымыздың барлығын клиенттерге беретін болсақ, қызметкерлеріміз айлықсыз қалады дейді. Соңғы рет қомақты қаржыны туристік агенттік 31 желтоқсан күні ауларыпты. Содан бері әуе компаниясынаң басшыларымен байлыныс үзілген.

 АРАЙ ТЕГІМБАЕВА, ТУРИСТІК АГЕНТТІК ӨКІЛІ: "Басында біз шамамыз келгенше қайтарып беруге тырыстық. Бірақ, 2020 жылдың 2 қаңтарына дейін қайтаруға тырыстық. Одан кейін "Бек-Эйр" әуе компаниясына хабарласып, сұраған едік. Олардан ешқандай жауап ала алмадық. Содан бастап біз енді қайтара алмаймыз деп тұтынушыларға айтып жатырмыз".

Ал "Бек-Эйр" әуе компаниясы барлық қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберіпті. Күзетшінің айтуынша, басшылығы орнында жоқ екен. Жауапты мамандар тексеруге келген прокуратура қызметкерлерімен әлек болып жатқан көрінеді.

"У него времени нету сейчась. У нас проверка идет прокурорская. Так что не может".

Бұған дейін "Бек-Эйр"  бар кінәні Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне арқан еді. "Құзырлы орган хабардай етпей және себебін айтпай пайдаланушы сертификатымызды тоқтатып тастады.
Соның салдарынан клиентерімізге билеттерінің ақшасын қайтара алмай отырмыз" деген болатын.
Алайда, Азаматтық авиация комитетті әуе компаниясының бұл уәжі негізсіз дейді. «Фоккер-100» ұшағы апатқа ұшырағаннна кейні, бәрі заң аясында қабылданыпты. Ал заңгерлер билет құнын әуе компаниясы емес, туристік агенттік қайтаруға міндетті екенін айтады. Өйткені тұтынушы ақшаны кімге төлесе содан талап етуге құқылы екен.

 ЖАНГЕЛДІ СҮЙЛЕЙМАНОВ, ЗАҢГЕР:  «Кім билет сатып алды? Жолаушы. Кімнен сатып алды? Туристік агенттіктен. Ақшаны кімге төледі? Туристік агенттікке. Билетті берген кім? Туристік агенттік. Туристік агенттік пен жолаушы арасында жасалған келісімге сай, туристік агенттік жауап беруі тиіс. Сондықтан ақшаны қайтару туристік агенттіктің міндеті. Жолаушы "Бек-Эйрдің" кеңсесіне барып келісім жасаған жоқ. Оған туристік агенттікпен келісім жасау ыңғайлы».

Ал, "Бек-Эйр" әуе компаниясының алдағы тағдырына қатысты түпкілікті шешім 20 қаңтар күні белгілі болмақ. Қазақстан авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитстің мәлімдеуінше,
бұл компания отандық нарықта қала ма, жоқ жабыла ма, осы мәселе алдағы дүйсенбіде шешілмек.  Ал билет ақшасын даулаған жолаушыларға ақшаларының қашан қайтарылатыны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар