Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бүгінде психологияға бет бұрған ақын Бекболат Тілеуханның жиен қарындасын жар етіп алғанын айтты.
«Бекболат Тілеухан қайынағам. Ол кісінің туған жиенін, әпкесінің қызын алып отырмын. Қазір хәл-ахуалы шүкір, жақсы. Кеше тойымызда болды. Елдос Сметов күйеубалам. Туған қарындасымның қызын алып отыр. Алты балам, төрт қыз, екі ұлым бар», — дейді ол.
Сондай-ақ, ол журналистің «жиі ғашық боласыз ба?» деген сұрағына да жауап берді.
«Жалпы махаббат деген ең сақтанатын нәрсем, және соның есіктерін жауып жүруге тырысамын. Әзірге есіктері ашылған жоқ, бірақ барынша жауып жүруге тырысамын. Ешкімге ешқандай сезімім, ниетім жоқ. Мен қазір немере сүйіп отырған атамын», — дейді ол.