Бекболат Тілеухан мені қаматпақшы болған. Ол уақытта дүркіреп тұрған кезі - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекболат Тілеухан мені қаматпақшы болған. Ол уақытта дүркіреп тұрған кезі - Айгүл Орынбек

Бекболат Тілеухан мені қаматпақшы болған. Ол уақытта дүркіреп тұрған кезі - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Бекболат Тілеухан жайлы шындықты жайып салды.  

  • 14 Қараша 2022
  • 1352
Фото - Caravan.kz

Заңгер фейсбуктегі парақшасында Бекболат Тілеуханды қолының сұғанағы бар екенін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Сонымен қатар, Айгүл Орынбек Бекболат Тілеуханнан жасаған ұрлығы жайлы жауап беруін талап етті. 

"Бекболат аға ұрлық жасағаныңыз рас па? -деп сұрақ қойғанымда, үстіменен арыз жазып қылмыстық іс қозғатып еді.
Сөйтсем жасаған қылмысы ашылатын болған соң, сасқалақтап тыпыршынған екен ғой!
Бұл қолының сұғанағы бар ағам өз артының ашылатынын біліп , “Депутаттық абыройыма дақ түсірдің”,- деп мені қаматпақшы болған!
Өз құқығымды қорғай алатын адам ретінде бұнымен заңды түрде айқастым!
Мен де қайтпай , ҚР азаматы ретінде депутатқа сұрақ қоюға толық құқылы екенімді айттым!
Ұрлап алды ма? Жауап берсін заң алдында деп түсініктеме беріп кеттім! Менімен қоса бұл істе Меруерт Курмангалиева әпкем де бірге тергелді!
Өз әкесінің ноталарының Бекболат Тілеухан ұрлап алғаны жайлы, дәледегісі келгені үшін екеуміз бірге қудаландық!
Ол уақытқа Бекболат Тілеуханның дүркіреп тұрған кезі, біраз мен деген қазақ жігіттері қолына су құйып артына майланбай кіріп жүрген!
Менің сұрақ қойғаным, Меруерт әпкемнің ноталардың өз әкесінің екенін дәлелдегісі келгені оның абыройына нұқсан келітіріпті мыс!
Абыройдан садаға кеткір қуаяқ!
Шындық- уақыт өте бәрібір ашылады!!!

Міне Ғарифулла Құрманалиев атамыз өзі шығарған әнін орындап жатқан түпнұсқасы!


1977 жылы әнді нотаға түсірген.
Сөзін Тұманбай Молдағалиев атамыз жазған екен!

1989 жылы Бекболат Тілеухан Құрманаливтер отбасымен алғаш рет танысып үйіне барған.
Сол таныстық арты ноталардың ұрлануымен аяқталған!

Енді өзіңді қалай ақтар екенсің Бекболат аға?!

Өзі ұрлық жасағанымен қоймай, сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған деп өзімен бірге Назарбаевтың басын іліп кеттің!

Жалпы отыз жыл бойы Елдің басында осындай екіжүзді өтірікші, ұрылар білгенін істеп жүрді!

Жәй ғана ән мен сөзді ұрлаған адам, мемлекеттің байлығын ұрламай қарап отырды дейсіңдер ме?

“Ұры өле өлгенше ақпын дейді.”
Ал, өзіңді ақтай түс Бекболат аға!", деп жазды блогер.