Бекболат Тілеухан "тоқал" сөзін қолданбауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекболат Тілеухан "тоқал" сөзін қолданбауды ұсынды

Бекболат Тілеухан "тоқал" сөзін қолданбауды ұсынды

Мәжіліс депутаты "тоқал" сөзін қолданбауды ұсынды.

  • 12 Қыркүйек 2018
  • 159
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаты, ҚР ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан көкпар дауынан кейін өз орнына жұрт ұсынған спортшыны қаншалықты лайық көретінін айтты. Сондай-ақ, ол жеке өмірінде қандай өзгерістер болғанын Sputnik тілшісіне берген сұхбатында әңгімеледі.

— Орныңызға қазақстандық боксшы Мұхтархан Ділдәбековті ұсынған екен. Ол кісі сізді алмастыруға лайық па?

— Мұхтархан Ділдәбеков олимпиада чемпионы әрі күміс жүлде иегері. Бұл орынға әбден лайық деп ойлаймын. Бірақ басқару жүйесі деген оңай нәрсе емес. Әзірге оның бұл жүйеде қаншалықты тәжірибелі екенін білмеймін. Яғни Мұхтарханды жақсы азамат, керемет спортшы ретінде танысам да, оның қаншалықты басқара алатынын білмейді екенмін. Бірақ, халық лайық деп тапса, расымен де, бұл орынға лайық болғаны.

— Көкпар төңірегіндегі дау туралы пікір білдіргенде Талас Бегалинов те, Ерлен Оспанов мырза да мұның астарында саясат жатқанын айтып қалды. Олардың сөз қылып отырғаны қандай саясат?

— Бұл екі азаматтың қандай саясат туралы айтып жатқанын мен де білмеймін. Бір кездері Атамбаевтың да, біздің министрдің сөзін саясатқа балап жатты. Сөз қуған дауға, жол қуған қазынаға жолығады демекші, осындай нәрсені қазбалағым келмейді.

Мейлі менікі қате десе, қате болсын. Жаман десе, мен-ақ жаман болайын. Бірақ бір-екі адамға жауап беремін деп тұрып екі елдің ортасына сын түсіп қалса жарамас. Қазір сізге бір нәрсе айтсам, ол Бекболат Тілеуханның емес, қазақтың пікірі болып кетеді.

Кесірім елге тиюі мүмкін. Сол себепті Ерлен мен Бекболат жаман болса, бола берсін.

— Бір күн бұрын телефон арқылы шақырту алдым деген қазақ көкпаршы туралы не дейсіз? Олар, расымен, жаттықпаған ба?

— Бұл жалған. (Телефон арқылы шақыртылған спортшы туралы — авт.) Көкпаршыларымыздың барлығы тұрақты түрде жаттыққан, дайындалған жігіттер. Қырғыз телеарналары керек сөздерін алып, монтаждап бергендіктен, осындай жағдай болып отыр деп ойлаймын. Халық мұны дұрыс түсінбей жатыр. Сондай-ақ, осы жаттығуға министрліктен қаржы бөлінеді. Аттарын да баптайды. Біздің мақтанып отырғанымыз осы ғой. Тек қоғамдағы қызығушылық қырғыз ағайындардың деңгейінде емес.


— Соңғы кезде шығармашылыққа көп назар аудармай жүрген секілдісіз. Бұл уақыт тапшылығынан ба?

— Өткенде концерт беріп, халқым келіп көрді. Аймақтарға барған кезде де қаншама концерт беріп жатырмын. Бабым жетіспей қалатын кездер де болады. Әрине, толық концерт беру қиын, бірақ домбырадан қол үзген жерім жоқ.

— Шоу-бизнес өкілдері арасында тоқал алу көбейіп келеді. Ал сіздің тоқал алуға көзқарасыңыз қандай?

— Меніңше, тоқал деген біртүрлі кемсітіп айтылған сияқты. Екінші, үшінші жар деп айтыңыз. Қазақта тоқал деген сөздің реңкі жаман. Әдетте тоқал деп мүйізі жоқ сиырды айтады. Тоқал деген сөз құлаққа түрпідей тиеді.

— Өзіңіздің қанша жарыңыз бар?

— Құдай берген көп жарым бар. Сіз айтқандай, бесеуге жетпейді. Одан аз. Мұнымен қатар, мына мәселені айтқым келіп тұр. Жұрт жақында "Бекболат өзінің 11 баласы бар екенін мойындады" деп шулады. Осы тұста Бекболатқа тағы да жала жабылды. Менде 11 емес, 14 бала бар.

— Сұхбатыңызға рахмет!

 

Соңғы жаңалықтар