Бекет ата барша Маңғыстау өңіріне танымал, бұл қала үшін тарихи атау болар еді - құқықтанушы М.Башимов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекет ата барша Маңғыстау өңіріне танымал, бұл қала үшін тарихи атау болар еді - құқықтанушы М.Башимов

Бекет ата барша Маңғыстау өңіріне танымал, бұл қала үшін тарихи атау болар еді - құқықтанушы М.Башимов

Бекет ата барша Маңғыстау өңіріне танымал, бұл қала үшін тарихи атау болар еді.

  • 4 Қараша 2012
  • 437
Фото - Caravan.kz

Белгілі құқықтанушы Марат Башимов жұртшылық арасында талас туғызған Жаңаөзен атауын Бекет атаға өзгерту жөніндегі Маңғыстау облысы ақасақалдарының ұсынысы жайлы осындай пікір білдірді.

«Маңғыстаулық ақсақалдардың бұл идеясы дұрыс деп есептеймін. Бекет ата есімі аймаққа кеңінен таныс, бұл қала үшін тарихи атау болар еді. Ал Жаңаөзен атауының ешқандай салмағы да жоқ. Бұдан басқа Бекет ата жағымды да естілер еді, дейді М.Башимов.

Құқықтанушы аса қызу талқыланудан-ақ бұған Маңғыстау облысы жұртшылығының кеңінен маңыз беруі бұл мәселе бойынша халыққа жан-жақты түсінік жұмыстарын және қоғамдық талдау жүргізу қажеттігін көрсетеді.

Еске сала кетсек, Жаңаөзен атауын Бекет ата деп өзгерту туралы Маңғыстау облысы ақсақалдары қазан айының соңында ұсыныс білдірген еді. Бұл бастама жайлы журналистерге Жаңаөзен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Айдаров мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар