Бекіре тұқымдас балықтарды аулау жөніндегі аса күрделі проблеманың түйінін тез арада түбегейлі шешу керек- В.Калюжный - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекіре тұқымдас балықтарды аулау жөніндегі аса күрделі проблеманың түйінін тез арада түбегейлі шешу керек- В.Калюжный

Бекіре тұқымдас балықтарды аулау жөніндегі аса күрделі проблеманың түйінін тез арада түбегейлі шешу керек- В.Калюжный

Ресей Федерациясы президентінің Каспий аймағындағы мәселелер жөніндегі арнаулы өкілі В.Калюжный бекіре тұқымдас балықтарды аулау жөніндегі проблеманы аса күрделі проблемалар қатарына жатқызып, оны тез арада түбегейлі шешу керектігін атап көрсетті. Бұл туралы пікірді ол "Caspian Ecology 2003" атты алғашқы халықаралық конференцияда ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 777
Фото - Caravan.kz

Ал Әзербайжан экология министрі Гусейгулу Багировтың мәлімдеуінше, өзара келісімдерге қарамастан Иран өз жағалауында бекіре тұқымдас балықтарды аулауды күні бүгінге дейін доғармай отыр.

Өз кезегінде В.Калюжный Әзербайжанның бұл мәселеде тұрлаулылық танытпай отырғанын атап көрсетті. Оның айтуынша, «Кеңестік кезеңде Каспий теңізінде балық аулау құқығын дара иемденіп үйреніп қалған Әзербайжан сол дәстүрлі тәжірибеден ауытқи алмай отыр. Алайда біз Иранның шешішімен де санасуға тиіспіз. Каспийдің биоресурстарын бірлесіп басқару жүйесі туралы мәселеде Әзербайжанның ұстанып отырған мұндай позициясы бәрімізге салқынын тигізуі мүмкін. Тыйым салып, өктемдік көрсету принципіне бағынбаған жөн. Олай болған жағдайда бұл мәселемен айналысудың қажеті шамалы»,- деді В.Калюжный.
Каспийдің биологиялық байлықтарын бірлесіп игеру мәселесі бойынша Қазақстанның ұстанып отырған көзқарасы туралы В.Калюжныйдың сауалына ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің балық комитеті төрағасының орынбасары Рафик Сүлейменов былай деп жауап берді :»қазір бұл мәселенің өзектілігі артты, биоресурстар ұдайы миграцияға ұшырайтындықтан, оларды бірлесіп басқарудың маңызы зор «.
Р.Сүлейменовтың атап көрсетуінше, теңізде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынған, Каспийге құятын өзендердің сағасында ғана мұндай рұқсат беріледі. Қазіргі таңда бекіре тұқымдас балықтарды аулаудың біртұтас әдістемесі жасалу үстінде.
Теңіздегі теңдесі жоқ биологиялық түрлерді сақтап қалу үшін заңдық базаны қалыптастыру, аймақтық экологиялық стартегияның экономикалық тетіктерін жасау, биологиялық түрлер жөніндегі мәліметтер жинағын құрастыру, теңіздегі мұнайгаз жобаларының келешек нұқсанды әсері туралы болжамдар жасау қажеттігі туындап отыр,- дейді Р.Сүлейменов.
Оның айтуынша, соңғы уақытта көптеген балық түрлері сирей түсті. Мәселен, Түрікменстанда теңіздегі көксерке балығы жойылып кеткен. Сондай-ақ, соңғы кездері Каспий аймағында итбалықтардың жаппай қырылу оқиғалары жиілеп кетті. Атап айтсақ, мұндай оқиғалар 1997-1999-жылдарда Әзербайжанда, 2000-жылы Қазақстанда тіркелді.
Оның хабарлауынша, сондай-ақ, соңғы 40 жылда тұңғыш рет 2002-жылы бекіре тұқымдас балықтардың қорын зерттеуге бағытталған мемлекетаралық кешенді Каспий экспедициясы жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар