Бекітілген нұсқасы жоқ - БҒМ басшысы мектептердегі латын әліппесі жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекітілген нұсқасы жоқ - БҒМ басшысы мектептердегі латын әліппесі жайлы

Бекітілген нұсқасы жоқ - БҒМ басшысы мектептердегі латын әліппесі жайлы

 

  • 5 Желтоқсан 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге латын әліппесін енгізу туралы пікір білдірді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Пилоттық жобалар сол үшін де пилоттық болады.

Пилоттық жобалардың нәтижесінде қандайда бір шешім шығарылады. Мәдениет және спорт министрлігіне жетілдіруге (қазақ тілінің латынша нұсқасын) тапсырма берілді. Жетілдірілген уақытта, дұрыс жазу емлесі бекітілгенде, әліппені енгізу бойынша (мектептерге — Түсіндірме) жұмыстар жүргіземіз", — деді министр Сенатта журналистердің сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, осыған дейін латыншаның бекітілген әліппесі бойынша мектептерде білім беру жүргізілмеген. "Президент тапсырмасында де-факто мен де-юре бары, оны жетілдіру керектігі айтылды. Әзірге жетілген әрі бекітілген нұсқа жоқ. 2020 жылдан бастап мектептерге латын әліппесін енгізіп, білім береді деп айту қиын, өйткені бұл ұзаққа созылатын процесс. Бірінші оны бекіту керек, сосын ережесі шығады, одан кейін пилоттық болады. Содан соң біз қажетті дайындық шараларын жүргіземіз, кейін кітаптар шыға бастайды", — деді Аймағамбетов. Осыған дейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында қазақ тілінің латынша үш нұсқасы барын айтқан еді. Мемлекет басшысы үш нұсқаны да сәтсіз деп атап, қайта қарап шығуға тапсырма берген болатын.
 

Соңғы жаңалықтар