ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің «Киношок» фестивалінде үздік продюсер атағын жеңіп алды. Бұл туралы Ресей Жаңалықтары агенттігі хабарлап отыр.
Кинофестиваль кеше кешке Анапа қаласында салтанатты түрде жабылды. Агенттіктің хабарлауынша, жабылу салтанатына Бекмамбетов келе алмапты.
Тимур Бекмамбетов 1961 жылы 25 маусымда Қазақ КСР-ындағы Гурьев қаласында туылған. 1987 жылы Ташкенттің театр және көркем өнер институтын «театр және кино суретшісі» мамандығы бойынша бітірді. «Империал» банкіне арнап түсірген жарнамалар ролигімен танымалдыққа ие болып, «Түнгі шолғыншы» және «Күндізгі шолғыншы. Тағдыр боры» атты фильмдері арқылы әлемге атағы жайылды.