Бекшин белгісіз пневмонияның пайда болу себебіне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекшин белгісіз пневмонияның пайда болу себебіне қатысты пікір білдірді

Бекшин белгісіз пневмонияның пайда болу себебіне қатысты пікір білдірді

Алматыда белгісіз пневмонияның себебін анықтау үшін корей технологиясы пайдаланылады.

  • 4 Қыркүйек 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол "белгісіз пневмонияға қатысты мәселе бақылауға алынатынын" атап өтті. Себебі, бұл аурудан адам өлімі жиі тіркеледі екен. Бас санитар дәрігер бұл дерттің себебін анықтау үшін заманауи технологиялар қолданылатынын жеткізді.

"Біз Корей әріптестеріміздің технологиялық мүмкіндігін пайдаланып жатырмыз. Бір панельде COVID-19, жедел респираторлық вирустың 7 түрін, тұмауды әрі пневмонияны тудыруы мүмкін түрлі бактерияларды орнатуға болады. Өткен аптада біз осындай 38 зерттеу жұмысын жүргіздік. 15 жағдайда пневмонияны бактериялар тудыратынын анықталды. Қалған жағдай адамның өзін-өзі емдеумен байланысты болды. Адамдар дәрі-дәрмектерді қабылдаған. Кейін пневмонияның себебін анықтау тіпті заманауи әдістер арқылы өте қиын болды", — деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол қала тұрғындарына үйде емделуге болмайтынын ескертті.


"Ауруханадағы төсектер бос, дәрігерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Медициналық қызметтерді пайдаланып, сапалы медициналық көмек алу қажет", — деді маман.

Осыған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері коронавирус жұқтыру 2 есе азайғанын айтқан еді.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 14 238-ге жетті. 13 588 науқас айықты, 265 адам көз жұмды. Елімізде 106 032 адам COVID-19 жұқтырды. 97 967 науқас дертінен айықты, 1 588 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясының 26 322 дерегі тіркелді. 301 адам көз жұмды.