Жарияланды: 530

Бектас Бекназаров соттардың рейтингін жария етті

Бүгін 2011 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған судьялардың кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров отандық соттардың рейтингін жария етті.

Жоғарғы сот төрағасы хабарлағандай, қылмыстық істерді жүргізу бойынша Қостанай және Атырау облыстары көш бастаса, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласының көрсеткіштері төмен. Азаматтық істерді орындауда Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары үздік атанды. Ал Маңғыстау, Қарағанды облыстары мен Астана қаласы баяу жұмыс істеуде. Әкімшілік істерді қарастыру сапасын бағалау кезінде Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстары үздіктердің қатарынан көрінсе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстары аса төмен көрсеткішке ие болды. «Сондай-ақ еліміздегі мамандырылған соттардың жұмысына арнайы сараптама жүргізілді. Оған сәйкес Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауданаралық, мамандарылған және экономикалық соттардың жұмысы жоғары бағаланды. Ал Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының мамандарылған және экономикалық соттары соңғы орында келеді», - дейді Б.Бекназаров.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін