Жарияланды: 340

Бекзада Гарри үйленуге асығар емес

Британия бекзадасы Гарри жақын арада үйленгелі отырмағанын айтады, деп британдық "Дейли телеграф" газеті мәлімдеді.

Лондондағы Корольдік госпитальдағы жыл сайын өтетін ардагерлер парады кезінде қатысқан бекзада Гарриге 85 жастағы әскери адам "Қашан үйленесіз, мырза?" деп сұрақ қойғанда, бекзада "қазір емес" деп жауап берді. Биыл көктемде британдық бекзада Уильямның үйлену тойынан кейін оның інісі 26 жастағы Гарридің жеке өмірі жұртшылықтың қызығушылығын туғызуда, дейді басылым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін