Жарияланды: 500

Бекзада Тұрғанбаев геология комитеті төрағасының м.а. болып тағайындалды

Бекзада Тұрғанбаев геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының міндеттерін атқарушы болып тағайындалды, делінген ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комитет жүйесінде өзгерістер жоспарланып отыр. Ведомствода бірқатар тағайындаулар жасалды, деп мәлім етті ИЖТМ-дегі кеңесте ҚР премьер-министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. «Соңғы тағайындаулардың бірі – геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының м. а. болып Бекзада Тұрғанбаевтың, «ҚазГеоАқпарат» РГАО жаңа басышысы қызметіне Сәуле Оразаеваның тағайындалуы», - делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде. Вице-премьердің айтуынша, бұл жұмыс мемлекет басшысының аталған саладағы әкімшілендіруді кешенді жақсартуға бағытталған тапсырмаларын орындау үшін қолға алынды. Еске сала кетейік, бұрын комитетті Болат Өжкенов басқарған болатын. Бұрын хабарланғандай, 8 маусымда өткен геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің кеңейтілген кеңесінің барысында Ә. Исекешев саланың шешуді қажет ететін проблемаларына тоқталған болатын. Атап айтқанда, қолданыстағы нормативті-құқықтық базаны жетілдіру, минералдық-шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру, геологиялық барлаудағы, басқа да инновациялық бағыттардағы кадрлар жетіспеушілігін шешу мәселелері қозғалды. Ә. Исекешев жер қойнауын пайдалану нысандарымен алыпсатарлық жасау, саладағы түрлі жемқорлық құбылыстарын мүмкіндігін жоққа шығаратын тетіктер жасау қажеттігіне назар аударды. Мұның алдында ел президентінің тапсырмасымен министрлік саладағы жағдайға сараптама жасап, құзырлы бөлімшелердің ағымдағы қызметін тексерген болатын. Қазір ИЖТМ осы жұмыстың қорытындысын шығарып, содан кейін ұйымдастырушылық мәндегі шешімдер қабылданады, деді премьер-министрдің орынбасары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін