Беларусь ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорының несиелік қолдауының аясындағы барлық міндеттемені толық көлемде қабылдайды
Беларусь ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорының несиелік қолдауының аясындағы барлық міндеттемені толық көлемде қабылдайды. |
Бұл туралы Беларусь Республикасының Премьер-министрі Михаил Мясников бүгін Мәскеуде «Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке: бизнес мүдделері» тақырыбында өткен конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.
«Ресей мен Қазақстан үкіметтерінің басшыларын және бизнес-қоғамдастықтарды, ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорының несиелік қолдауының аясындағы мойнымызға алған барлық міндеттемені толық көлемде қабылдайтынымыз туралы хабардар етемін. Атап айтқанда, бұл бюджеттік қаржы бөлулерге, төлемдерді шектеу, тағы басқа көптеген мәселелерге қатысты», - деді М.Мясников.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін