Беларусь Кеден одағының елдері Украинамен саудада шектеулер енгізуі мүмкін дейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь Кеден одағының елдері Украинамен саудада шектеулер енгізуі мүмкін дейді

Беларусь Кеден одағының елдері Украинамен саудада шектеулер енгізуі мүмкін дейді

Беларусь Ресей және Қазақстанмен Кеден одағының алдындағы міндеттері аясында 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей және Қазақстан жағымен бірге Украинамен екіжақты саудада шектеулер енгізуі мүмкін, деп мәлім етті Беларусьтің Украинадағы елшісі Валентин Величко.

  • 23 Маусым 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Кеден одағының бір мүшесі, мейлі ол Қазақстан немесе Ресей болсын, басқа ереже бойынша жұмыс істеуі мүмкін емес: тарифтік, тарифтік емес реттеу, алып тастаулдар дегендей, Беларусьсыртта қала алмайды. Беларусь та Кеден одағында қабылданған заң актілеріне бағынады», -дедіВ. Величкобейсенбі күні Киевте баспасөз мәслихатында.

Ол аталған мерзімге дейін Беларусь пен Украинаның арасындағы еркін сауда аймағында ешқандай алымдар жүргізілмейтінін атап көрсетті.

Елші өзара саудада қолданылуы мүмкін алымдарды Кеден одағына қатысушы әр ел екіжақты деңгейді талқылайтынын айтты.

Еске сала кетейік, Беларусь президентіАлександр ЛукашенкоУкраинаның Кеден одағына қосылуына үміттенуге еш негіз жоқ екенін айтқан болатын.

«Украина қазір еркін сауда аймағы саясатын ұстанып отыр. Бірақ Ресейдің «ДСҰ қалай?» деген сұрағы дұрыс. Егер кейбір тауарлар туралы салықтарды нөлге теңестірсе, Украина арқылы қара тесік арқылы сияқты Ресейге, бізге ЕО, батыс тауарлары келіп, экономикалық тұрақтылықты бұзуы мүмкін», — деген болатын А. Лукашенко.

Оның айтуынша, осыған байланысты Беларусь ТМД-да, соның ішінде Украинада құрылатын еркін сауда аймағы режимінен алып тастау топтарын енгізу қажет деп отыр.

Соңғы жаңалықтар