«Ақ Орда»сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен А.Лукашенконың кездесуі өтеді. Беларусь президенті үкімет басшысы Даниал Ахметовпен де жүздеседі.
Кездесу барысында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
А.Лукашенко Қазақстандағы Беларусь елшілігінің ресми ашылу салтанатына қатысады. Сонымен бірге сапар барысында мемлекет басшыларының саябағында ағаш отырғызу, президенттің мәдени орталығын аралау көзделген.
19-мамырда А.Лукашенко Минск қаласына оралады.