Беларусь Президентінің қаңтардағы ұсынысын Мәскеу де Астана да түсіністікпен қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь Президентінің қаңтардағы ұсынысын Мәскеу де Астана да түсіністікпен қабылдады

Беларусь Президентінің қаңтардағы ұсынысын Мәскеу де Астана да түсіністікпен қабылдады

 Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастаған сәттен ол сарапшылар мен зерттеушілердің назарында. Минскінің ЕАЭО-ны индустрияландыру бойынша бастамасы БАҚ-та өзекті тақырыпқа айналды, деп хабарлады ММУ ақпараттық-талдау орталығынан. 

  • 26 Қаңтар 2015
  • 540
Фото - Caravan.kz

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, Беларусь ЕАЭО-ға төрағалық етеді. Ел Президенті Александр Луакшенко еуразиялық экономикалық кеңістікті индустрияландыру жоспарын ұсынды.

Нақтырақ айтқанда, А.Лукашенко қысқа мерзімде Ресей мен Қазақстан экономикаларының көмірсутегіне тәуелділігін азайту үшін бірлестік елдерін индустрияландыруға жағдай жасау қажеттігін мәлімдеді.

Бұл үшін Минск:

-Одақ аясында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қабылдауды;
-Келісілген, ал келешекте бірыңғай агроэкономикалық саясатты іске асыруды;
-2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай дәрілік және медициналық нарық жұмыс істеу қажеттілігін;
-экспортты дамыту бойынша бірлескен әрекеттерді болжайтын Шартты іске асыру жөніндегі бастаманы ұсынды.

Беларусь Президентінің қаңтардағы бұл ұсынысын Мәскеу де Астана да түсіністікпен қабылдады.