Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина елдері Біртұтас экономикалық кеңістік құру процессін пәрмендендіруге мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина елдері Біртұтас экономикалық кеңістік құру процессін пәрмендендіруге  мүдделі

Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина елдері Біртұтас экономикалық кеңістік құру процессін пәрмендендіруге мүдделі

Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина елдері Біртұтас экономикалық кеңістік құру барысын пәрмендендіруге мүдделі. Бұл туралы бүгін, 16-сәуірде ТМД елдері үкімет басшыларының Шолпан-Атадағы бас қосуы аяқталғаннан кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 506
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі келіссөздер «айтарлықтай белсенді өрбіп келеді». Сол үшін құрылған жоғары деңгейлі топ «тиімді жұмыс істеп жатыр», -деп пайымдайды Д.Ахметов. Қазіргі жағдаймен Біртұтас экономикалық кеңістік құруға қажетті құжаттардың 60 проценті келісілді.

Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі құжаттарға 4 мемлекет түбегейлі қол қоюы үшін таяу уақыттарда біз «бұл процесске серпін беруді көздеп отырмыз». Д.Ахметов Біртұтас экономикалық кеңістікке жуырда Қырғызстанның да бірігу мүмкіндігін жоққа шығармады. «Бұл бірінші кезекте Қырғызстанның ұстанымына тікелей байланысты»,- деп атап көрсеткен Д.Ахметов: «Біртұтас экономикалық кеңістікке бірігуге құлшыныс білдірген кез-келген елді төрттік қолдайды»,- деді.
Осындай тағы бір бірлестік -Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың келешегі туралы сөз қозғаған Д.Ахметов бұл орайда да «өзара интеграция және оны одан әрі тереңдету мәселесі ұзақ уақытты талап етпейді» ,- деп мәлімдеді. Қазақстан үкімет басшысы бұл жерде бастапқыда болат сату саласындағы келісім түрінде құрылған Еуропалық Одақты мысалға келтірді. «Қазір біз терең интеграциялық құбылыс деп атап отырған процесстерді жүзеге асыру үшін Еуропалық Одаққа 50 жыл қажет болды». «Ал бізде кірігу құбылысы мейлінше қарқынды әрі үдемелі жүріп жатыр»,- деді Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар