Беларусь ресми түрде ШЫҰ мүшесі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь ресми түрде ШЫҰ мүшесі болды

Беларусь ресми түрде ШЫҰ мүшесі болды

Беларусь Республикасы ресми түрде ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды

  • 4 Шiлде
  • 12
Фото - Caravan.kz

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті басталды. Беларусь Республикасы ресми түрде ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Беларусь ресми түрде ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды, ел ұйымға қабылданды.

«Бүгін Астанадағы саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Беларусь Республикасының президенті, құрметті Александр Григорьевич Лукашенкоға сәлем жолдаймын. Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болу жолында қажетті рәсімдерді орындады. Егер қарсылық болмаса, отырысты Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын», — деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.