Беларусь Республикасы Ресей мен Қазақстанға Кеден одағының аясында бірлескен корпорациялар құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь Республикасы Ресей мен Қазақстанға Кеден одағының аясында бірлескен корпорациялар құруды ұсынды

Беларусь Республикасы Ресей мен Қазақстанға Кеден одағының аясында бірлескен корпорациялар құруды ұсынды

Беларусь тарабы Ресей мен Қазақстанға Кеден одағының аясында трансұлттық альянстар құруды ұсынды. Бүгін Мәскеуде өткен конференцияда Беларусь Премьері Михаил Мясников осындай ұсыныс жасады,

  • 13 Шiлде 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды БЕЛТА.

Михаил Мясниковтың айтуынша, үш ел де сауда ынтымақтастығында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр, бірақ қолдағы бармен тоқтап қалмай, алға қарай жылжу, Кеден одағы елдерінің қазіргі және жаңа кәсіпорындарында бірлескен корпорациялар құруға ауысу керек. «Бұл бастама біздің елдеріміздің сыртқы конъюнктураға тәуелділігін азайтады және өнеркәсіптің, ғылым және қызмет көрсету салаларының орнықты дамуын қамтамасыз етеді», деп атап көрсетті Беларусь премьері. Оның айтуынша, трансұлттық корпорациялар құрудың арқасында Кеден одағы әлемдік сахнадағы экономикалық күштің өзегіне айналуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар