Жарияланды: 540

Беларусь тарапы ауыл шаруашылығы мен автомобильдік техниканың құжатнамаларын Қазақстанға тапсыратын болды

Беларусь тарапы ауыл шаруашылығы мен автомобильдік техниканың құжатнамаларын Қазақстанға тапсырмақ.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовпен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Беларусь Премьер-Министрі Михайл Мясникович мәлім етті. «Біз ауыл шаруашылығы техникалары, автомобильдік техника бойынша өнеркәсіпті құрастыру немесе бірлескен кәсіпорындар құрылысындағы мәселелерді жаңаша қарастырып шықтық. Біз енді техниканы примитивтік құрастыруды доғаратын боламыз. Енді тиісті кәсіпорындар құрылады, яғни бұл тұрғыда зауыттар салынбақ»,-деді Беларусь Премьер-Министрі. Бұл зауыттар карерлік жүк көліктерін, автомобильдерді, сондай-ақ астық және жем-шөп комбайндарын, тракторларды шығаратын болады. «Біз тиісті технологиялар мен құжаттамаларды тапсырмақпыз. Сондай-ақ, тиісті қаржылық ағымдармен қолдауды қамтамасыз етпекпіз»,-деді Мясникович. Бұдан бөлек ол аграрлық жобалар бойынша жақсы перспективалар бар екендігін жеткізді. Олар сүт өнімдерінің өндірістік саласына қатысты болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін