Беларусь тіліне аударылған Абай шығармалары еуропалық мәдениет кеңістігіне, аясы кең славян әлеміне жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь тіліне аударылған Абай шығармалары еуропалық мәдениет кеңістігіне, аясы кең славян әлеміне жол тартты

Беларусь тіліне аударылған Абай шығармалары еуропалық мәдениет кеңістігіне, аясы кең славян әлеміне жол тартты

Жақында Беларусьтың Ұлттық кітапханасында Беларусьтағы Қазақстан Ресубликасы Елшілігінің қолдауымен «Әдебиет және өнер» редакторлық-баспа мекемесінде беларусь тілінде жарық көрген қазақтың ұлы жазушысы Абай Құнанбаевтың «Дала еркіндігі» атты кітабының тұсаукесері болды.

  • 16 Маусым 2011
  • 411
Фото - Caravan.kz

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов мекеме басшылығы мен аударма авторына жоғарғы деңгейде орындалған шығармашылық еңбек үшін алғыс білдірді.

«Беларусь тіліне аударылған Абай шығармасы еуропалық мәдениет кеңістігіне, аясы кең славян әлеміне жол тартады», — деп атап өтті тұсаукесер рәсімінде А.Смирнов.

Іс-шараға Минскіде тіркелген ТМД-ға мүше мемлекеттердің елшілері, ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Беларусь зиялы қауымы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар