Беларусь және Қазақстан президенттерінің кездесуінде сауда тақырыбына баса мән беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь және Қазақстан президенттерінің кездесуінде сауда тақырыбына баса мән беріледі

Беларусь және Қазақстан президенттерінің кездесуінде сауда тақырыбына баса мән беріледі

Беларусь президентінің Қазақстанға сапары барысында бірінші кезекте "өзара тауар айналымы" тақырыбы талқыланады. Бұл туралы бүгін, 18-мамырда Астана әуежайында өткен қысқаша баспасөз мәслихаты кезінде елімізге ресми сапармен келген Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2005
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Біз шағын құраммен келдік, бірақ, сапар барысында талқыланатын мәселелер жетіп артылады»,- деді А.Лукашенко. «Олардың арасында Беларусь елінде өндірілген өнімдерді Қазақстанға экспорттау мәселесі де бар»,- деді ол. Беларусь президентінің мәліметіне сәйкес, «Ресей арқылы өтетін транзит тауқыметтеріне қарамастан, қазір Қазақстанға шығарылатын Беларусь экспортының көлемі 600 млн. долларды құрайды». Сонымен бірге сапар барысында «мұнай өңдеу және Қазақстан өнімдерін Беларусь еліне шығарып сату» мәселелері де сарапқа салынады.

«Бұған қоса екі ел де ЕурАзЭҚ пен Біртұтас Экономикалық кеңістікке кіреді. Біз бірлестікке қатысты проблемаларды да талқылауға тиіспіз»,- деп атап өткен А.Лукашенко олардың «дипломатиялық сипаттағы айрықша маңызды мәселелер» екенін жеткізді. «Біз сонымен қатар дүниежүзінде, осы өңір пен Еуропа аймағында болып жатқан оқиғаларды сараптауға да уақыт табамыз деп ойлаймын»,- деді ол.
А.Лукашенко өзінің Қазақстанға сапарына айрықша маңыз береді. «Ресми сапардың өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақстанға жасағалы отырған сапарым осындай сапарлардың бірі. Бұл беларусь және қазақ халықтары арасындағы достық байланыс тұрғысынан алғанда айрықша маңызды сапар болмақ»,- деді Беларусь мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта