Жарияланды: 500

Беларусиядағы девальвация КО-да баж алымдарын бөлісуге ықпал еткен жоқ

Беларусияда биыл мамыр айында жүргізілген ұлтық валютаның девальвациясы Кеден одағына қатысушы елдер арасында баж алымдарын бөлісуге ықпал еткен жоқ, деп хабарлады Қазақстанның қаржы вице-министрі Руслан Даленов.

"Беларусиядағы девальвация КО баж алымдарын бөлісуге ықпал еткен жоқ. Қазақстан бюджетіне Беларусь Республикасынан аударылатын күнделікті орташа аударым ақша сол деңгейде", деп жазды Р.Даленов бейсенбіде Twitter-гі парақшасында. 24 мамырда Беларусияның Ұлттық банкі президентпен келісе отырып, ел тарихында бұрын- соңды болмаған беларустік рубльдің біржолғы девальвациясын жүргізді, оның ресми айырбастау құны 56% төмендеді. 2010 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Кеден одағы шеңберінде әкелім кеден баж алымдарын аудару және бөлісу арнайы келісімге сәйкес жүргізіледі. Оған орай әкелім баж алымдары бірыңғай есеп-шотқа аударылады және белгіленген нормативтерге сәйкес елдердің бюджеттері арасында бөлінеді, оның ішінде РФ бюджетіне 87,97%, Белоруссияға - 4,7%, Қазақстанға - 7,33% аударылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін