Беларусиядағы девальвация КО-да баж алымдарын бөлісуге ықпал еткен жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусиядағы девальвация КО-да баж алымдарын бөлісуге ықпал еткен жоқ

Беларусиядағы девальвация КО-да баж алымдарын бөлісуге ықпал еткен жоқ

Беларусияда биыл мамыр айында жүргізілген ұлтық валютаның девальвациясы Кеден одағына қатысушы елдер арасында баж алымдарын бөлісуге ықпал еткен жоқ, деп хабарлады Қазақстанның қаржы вице-министрі Руслан Даленов.

  • 7 Шiлде 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Беларусиядағы девальвация КО баж алымдарын бөлісуге ықпал еткен жоқ. Қазақстан бюджетіне Беларусь Республикасынан аударылатын күнделікті орташа аударым ақша сол деңгейде», деп жазды Р.Даленов бейсенбіде Twitter-гі парақшасында.

24 мамырда Беларусияның Ұлттық банкі президентпен келісе отырып, ел тарихында бұрын- соңды болмаған беларустік рубльдің біржолғы девальвациясын жүргізді, оның ресми айырбастау құны 56% төмендеді.
2010 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Кеден одағы шеңберінде әкелім кеден баж алымдарын аудару және бөлісу арнайы келісімге сәйкес жүргізіледі. Оған орай әкелім баж алымдары бірыңғай есеп-шотқа аударылады және белгіленген нормативтерге сәйкес елдердің бюджеттері арасында бөлінеді, оның ішінде РФ бюджетіне 87,97%, Белоруссияға — 4,7%, Қазақстанға — 7,33% аударылады.

Соңғы жаңалықтар