"Белбеумен дүре соққан": Жеті жасар өгей қызын дәретке отырып қойғаны үшін ұрып өлтірді деген қоғам белсендісіне қатысты жантүршігерлік ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Белбеумен дүре соққан": Жеті жасар өгей қызын дәретке отырып қойғаны үшін ұрып өлтірді деген қоғам белсендісіне қатысты жантүршігерлік ақпарат тарады

"Белбеумен дүре соққан": Жеті жасар өгей қызын дәретке отырып қойғаны үшін ұрып өлтірді деген қоғам белсендісіне қатысты жантүршігерлік ақпарат тарады

Алматыда өгей қызын үлкен дәреті үшін ұрып өлтірді деген күдікті әйелге қатысты сот отырысы басталды.

  • 8 Қараша 2023
  • 1922
Фото - Caravan.kz

Онда өзін қоғам белсендісі ретінде таныстырмақ болған Балжан Тұрлыбековаға қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

КТК телеарнасының журналистерінің хабарлауынша, әйел адам өгей қызын үнемі ұрып-соғып, өз дәретін өзі ұстай алмайтын халге жеткізген. 

"Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда болған. Жауыз әйел жеткіншекті жүйелі түрде сабап келгенін куәгерлер айтып отыр. Ақыр соңында үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін басын қабырғаға ұрып талдырған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды. Жауыздық жасаған қыздың өгей шешесі кезінде қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген белсендісымақ екен. 47 жастағы әйелге өгей қызын ұрып өлтірді деген айып тағылып отыр. Бүгінгі алдын ала тыңдалымға ол тыңғылықты дайындалып келген сыңайлы", — дейді арна тілшілері.

Қазіргі таңда марқұм болған балақайдың әжесі әйелді қатаң жазаға тартылғанын талап етіп отыр. 

"Менің талабым, ол әйелді өмір бойына бас бостандығынан айыру. Өйткені немеремді төрт ай бойы ұрып, ақыры өлтіріп тастады. Негізі әкесі де Каринаны ұрған. Бірақ ол жазадан құтылып кетті. Әкесін де қамауға алу керек", — дейді Елена Закураева, марқұмның әжесі.

Сонымен бірге куәгерлер жеті жасар қыздың әкесін де жазаға тарту керек екенін алға тартуда. Белгілі болғаны, туған шешесі 10 айлығында қашып кеткен кішкентай Каринаны 7 жасына дейін негізі әжесі бағып-қаққан. Алайда биыл көктемде әкесі Бәкен Закураев инспекторлармен келіп қызды алып кеткен. Сөйтіп өзінен 14 жас үлкен азаматтық некедегі әйелі Балжан Тұрлыбекованың үйіне апарады. Сол уақытта екеуі бірге жарты жыл ғана тұрыпты. Карина жат жерде төрт ай бойы өгей шешесінен де, туған әкесінен де әбден таяқ жеген дейді жақындары. Белбеумен сабағанын көршілері де көріпті.

Айтуларынша, ақыр соңында, 10 шілдеде жеткіншек үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін өгей шешесі басын қабырғаға ұрады. Қатты соққыдан миына қан құйылып, Карина бірден жантәсілім еткен.

Өгей қызын өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбекова 20 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал әйелінің қатігез екенін біле тұра, араша түспеген әкесі жазаға тартылады ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Кейбір мәліметке сүйенсек, Бәкен Закураев сол оқиғадан кейін қаңғыбастың күйін кешіп кеткен.