«Белбеумен тұншықтырған, мүшесін ұстатқан»: Ақтөбеде туған әкесі екі қызын аяусыз зорлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Белбеумен тұншықтырған, мүшесін ұстатқан»:  Ақтөбеде туған әкесі екі қызын аяусыз зорлаған

«Белбеумен тұншықтырған, мүшесін ұстатқан»: Ақтөбеде туған әкесі екі қызын аяусыз зорлаған

Туған әкесі 20 және 14 жастағы екі қызына бірнеше жылдан бері жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. 

  • 1 Шiлде 2022
  • 3190
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Немолчи.kz Facebook парақшасында айтылды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Туған әкесі үлкен қызына 6-7 жастан бастап жыныс мүшесін ұстатып, басқа да азғындық әрекеттер жасапты.

Ал кішісін 10-11 жастан бастап зорлаған көрінеді.  Әкесі кіші қызын зорлағаннан кейін, үлкен қызы Ақтөбе полициясына 22 маусымда арыз түсірген. 

Ол әкесінің кемінде үш рет, оның ішінде зорлау және бұзақылық үшін екі рет сотталғанын айтты.

Анасының айтуынша, күйеуі туысқанын да зорлаған. Ал полиция қызметкерлері күдіктіні қамауға алуға асығар емес. 


Сонымен қатар, ол өте ашушаң, мас күйінде балаларды ұрып-соғып, тіпті үлкен қызын белбеуімен тұншықтырған.

Ақтөбе Қаласының Полиция Басқармасы аталған отбасыға дағдарыс орталығына баруды ұсынды.

Полицейлер мен күдіктінің адвокатының ойынша, бұның бәрі екі қыздың ойдан шығарған өтірігі болуы мүмкін. Өйткені үлкені қызы әкесін жақтырмағаннан соң, кішісін де солай ойлауға азғырған болуы мүмкін екен. 

Соңғы жаңалықтар