Жарияланды: 760

Белфастта үш күннен бері дінаралық қақтығыс болып жатыр

Солтүстік Ирландияның астанасы Белфастта үш күннен бері дінаралық қақтығыс болып жатыр. Осы сәрсенбіге қараған түні орын алған жаппай  бейберекетсіздіктерге мыңға жуық адам қатысқан.

Келіспеушілік жергілікті протестанттар мен католиктер арасында туындап отыр. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, дінаралық қақтығысты бастап отырған “Ольстердің бейбіт әскері” қозғалысының жақтастары, яғни протестанттар екен. Олар Солтүстік Ирландияның Ұлыбритания құрамынан шығуына қарсылық білдіруде. Католиктер болса, керісінше, Ирландия Республикасымен бірігуді қалап отыр. Айта кету керек, Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар арасында мұндай қақтығыстар жиі болып тұрады. Дегенмен жергілікті билік бұл жолғы бейберекетсіздіктердің тым ауыр тиіп отырғанын айтады. Себебі:бір-біріне өшіккен халық Белфаст қаласының біраз жерін қиратып тастаған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін