Ал оның сондағы біртүрлі ойларын ғаламтор қолданушыларының көбі жақтап отырған жоқ, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
"Біздің қоғамның басты мәселесі не екенін түсіндім. Біз ақылды адамдарды бағаламайды екенбіз. Олар өздері жиналып, ақылды бір нәрсе айтса, біз: "Не білгішсініп отырсың? Оқымысты болып кеттің бе?" дейміз. Яғни топас адамдарды бағалайтын сияқтымыз. Өйткені біреу ақымақтық жасаса, соны қолдай кетеміз. "Е, мынау басы істемейтін бала ғой, жұмысқа алайық" дейді. Сондықтан, достар, жетістікке жеткілерің келсе, ақымақ болыңдар" дейді актер.
Естеріңізге салсақ, Әнуар Нұрпейісов жақынды әлеуметтік желіде тілге қатысты ойын айтып, жұрттың наразылығын тудырған еді.
Я прозрел!
Posted by Anuar Nurpeisov on Monday, January 30, 2017