Белгілі әнші, айтыскер ақын Қ.Бердіғалиевтің жаңа әндер дискісі жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі әнші, айтыскер ақын Қ.Бердіғалиевтің жаңа әндер дискісі жарық көрді

Белгілі әнші, айтыскер ақын Қ.Бердіғалиевтің жаңа әндер дискісі жарық көрді

Батысқазақстандық белгілі әнші, айтыскер ақын Қатимолла Бердіғалиевтің жаңа әндер дискісі жарық көрді.

  • 2 Қыркүйек 2011
  • 830
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың қаңтар айында әншінің орындауында 83 әнді жазып алған «Ел» продюсерлік орталығы үш CD дискіге 78 туындыны кіргізген. Жинақтағы туындылардың 58-і домбырамен, қалғаны оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған.

Мың данамен жарық көрген күйтабаққа негізінен ұлы әншілер Мұхит Мерәліұлы мен Ғарифолла Құрманғалиевтің, сондай-ақ Сағит Садықов, Еркін Нұрымбетов, Сәрсенғали Бисенғалиев сынды батысқазақстандық композиторлардың ән-термелері енгізілген.