Белгілі әнші Бағдат Сәмединованың жеке сайты ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі әнші Бағдат Сәмединованың  жеке сайты ашылды

Белгілі әнші Бағдат Сәмединованың жеке сайты ашылды

Белгілі әнші Бағдат Сәмединованың жеке сайты ашылды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Медиалаб» медиа-коммуникация орталығынан хабарлады.

  • 21 Ақпан 2011
  • 1547
Фото - Caravan.kz

Орталықтың хабарлауынша, сайт бүгін қосылған. www.bagdat-s.kz деп аталатын сайтта әншінің өмірбаяны, суреттері мен жаңа бейнебаяндары, әндері берілген. Сайттан сондай-ақ жаңалықтарды оқып, жаңа әндерді жүктеп алуға болады.

«30 жылдан астам «Қазақконцерте» істеп келемін. Қазақ өнеріне азды-көпті еңбек сіңірдім. Әнші, өнер адамы болған соң жан-жақтан сұрақтар көп түсіп жатады. Жеке өмірім туралы әндерімді қайдан алуға болатынын білгісі келетіндер баршылық. Оның үстіне жеке продюсерім жоқ. Кейде концерттерім туралы ақпарат беруге қиналып жатамын. Сондықтан ғаламтор бетінде өзім туралы ақпарат беріп тұратын сайттың болғандығын жөн көрдім. Қазір ақпарат заманы, сондықтан қоғаммен тікелей байланыс орнатып, өзім туралы тікелей ақпарат беретін сайт болуы қажет деп санаймын. Енді бұдан былай тыңдармандарым мен туралы ақпаратты сайттан тікелей ала-алады», — дейді әншінің өзі. Оның айтуынша, сайтты жасаушы «Қаламгер ТЕН» ЖШС бағдарламашыларының көмегі арқылы сайт тұрақты түрде жаңартылып тұрмақ.


www.bagdat-s.kz
қазақ әншілері арасында ашылып отырған санаулы сайттардың бірі. Қазіргі кезде қазақ шоу-бизнесінде «МузАрт», «Ұлытау», «Үркер» топтарының, Алтынай Жорабаева мен Талғат Жорабаевтың жеке сайттары жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта