Белгілі әнші М.Ілиясова Зеленов ауданында өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі әнші М.Ілиясова Зеленов ауданында өнер көрсетті

Белгілі әнші М.Ілиясова Зеленов ауданында өнер көрсетті

- Белгілі әнші-термеші, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Майра» продюсерлік орталығының директоры Майра Ілиясова Зеленов ауданында болып, концерт қойды.

  • 20 Қазан 2012
  • 635
Фото - Caravan.kz

Қазақтың Майрасы келеді дегенді естіп, аудандық мәдениет үйіне тіпті қаланың келесі бетіндегі Дариян аумағынан, өзге де ауылдық округтерден ағылған халықта есеп болмады.

Шын талантын бағалай білетін халқымыз өнер тарланын «Құрмет» орденімен аптап, елінің еңбек сіңірген қайраткері атады. Кейінгі ұрпақ сырлы әндерін ұйып тыңдап, өнер иесін құрмет тұтып, ол басшылық жасайтын ән фестивальдеріне зор ықыласпен атсалысуда. Бұл тұрғыда Майра Әлімғазықызының жас дарындардың елге танылып, таланттарының ұшталуына, ән өнерінің кеңге қанат жаюына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Әнші қызының әр жаңа бастамасын халқы зор ілтипатпен қабылдап, игілікті ісіне қолдау білдіруде. Сағадат Рахметжанов сынды батысқазақстандық белгілі әншінің бастауымен бір топ дарынды жас өнер иесінің шашбауын көтеріп бірге келіп, кеш көрігін қыздырды.

Ән кешінде әсерлі әңгіме өрбіп, сусап жүрген өнер сүйер қауым бір серпіліп қалды. Екі сағаттан астам уақыт халықтың шалқыма шапалағы мен қошемет құшағында ән салған өнер иесі тыңдарманын тәнті етті.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Гүлназ Құлжанова, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов сахна төріне көтеріліп, ақжарма тілегін жолдады. Өнерді табыс көзі деп емес, құнды қазынаға балап, кейінгі ұрпақтың өнер жолындағы өрелі биікке қол жеткізуіне сіңірген еңбегіне толағай табыс тіледі.

Перейти к новостям спорта