Белгілі әнші Қ.Бердіғалиев «Айман-Шолпан» эпостық дастанын сағат жарым бойы жырлап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі әнші Қ.Бердіғалиев «Айман-Шолпан» эпостық дастанын сағат жарым бойы жырлап шықты

Белгілі әнші Қ.Бердіғалиев «Айман-Шолпан» эпостық дастанын сағат жарым бойы жырлап шықты

Белгілі әнші, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бүгін 60 жасқа толып отырған Қатимолла Бердіғалиев кеше Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында «Айман-Шолпан» эпостық дастанын сағат жарым бойы жырлап шықты.

  • 29 Ақпан 2012
  • 646
Фото - Caravan.kz

Осыншама уақыт дастанды үзбестен жырлау — өнер тарихында өте сирек кездесетін оқиға. Өзінің алпыс жылдығы қарсаңында бірнеше ай бойы әзірленіп, дастанды түгел жаттап алған әнші мұны өз мерейтойында көрермендерге сыйлаған тартуым деп біледі.

Жырды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған Ақ Жайық жұртшылығы тамашалады.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы ғимараты залында Қ.Бердіғалиевтің шығармашылық кеші өтеді. Оған еліміздің танымал өнер қайраткерлері де қатысады.

Перейти к новостям спорта