Белгілі ақын Иран-Ғайып Ақ Жайықтағы оқырмандарымен кездесті

Онда ақын тәуелсіздік және басқа тақырыпта жазған өлеңдерін оқып, жиналғандар сауалдарына жауап берді.

Жұбанның еліне келген ақын жыр көші ешқашан үзілмей, алға аса беретінін атап өтті. Ақ Жайық - талай дарабоз таланттарды дүниеге әкелген өлке. Сондықтан бұл ел ақындық өнерді әрдайым жоғары бағалайды. Оқырманмен сыр бөліскен ақын осылайша ағынан жарылды.

Жыр кеші жиналғандарға ерекше әсер қалдырды.