Белгілі ақын Құрбан айтты "қанқасапқа негіз болған ебірейлік ертек" деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі ақын Құрбан айтты "қанқасапқа негіз болған ебірейлік ертек" деп атады

Белгілі ақын Құрбан айтты "қанқасапқа негіз болған ебірейлік ертек" деп атады

Бүгін қасиетті Құрбан айт басталып, күллі мұсылман, соның ішінде қазақ елі құрбан шалып, мерекені атап өтуде. Бірақ, өкінішке қарай, қазақ арасында бұл мейрамға қырын қарайтындар бар болып шықты. Анау-мынау емес, танымал азаматтар сондай ойын байқатып жатыр.

  • 1 Қыркүйек 2017
  • 9273
Фото - Caravan.kz

Белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы солардың қатарынан екен, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Құрбан айт" деген қанқасапқа негіз болған ебірейлік ертектің аңқымалық бағзы мәнісі жайында, біз бұрын "Қош Қар. Қош Қар Ата. Қош Қар Тау. Қош Қар өзен" атты, сериялы жазбаларымызды жариялап едік. Оқығысы келгендер парақшамыздан тауып алады" деп жазыпты ақын Фейсбуктегі парақшасында.

Естеріңізге салсақ, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы әлеуметтік желіде
"Мен Жұмақтан бас тартам! Арамтамақ әрі қатынқұмар болғым келмейді!"
деп жұртты бір шулатқан еді.