Белгілі дирижер, композитор Әли Алпысбаев «Шаттансын елім» атты шығармашылық кешін ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі дирижер, композитор Әли Алпысбаев «Шаттансын елім» атты шығармашылық кешін ұсынады

Белгілі дирижер, композитор Әли Алпысбаев «Шаттансын елім» атты шығармашылық кешін ұсынады

24 қазан күні Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің Орган залында Қазақ халық аспаптары оркестрінің қатысуымен

  • 23 Қазан 2012
  • 715
Фото - Caravan.kz

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, дирижер, композитор Әли Алпысбаевтың «Шаттансын елім» атты шығармашылық кеші өтеді.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында белгіленген тапсырмаларға сәйкес, мәдениет ұйымдары облыстар арасында ақпараттармен және мәдени жетістіктермен алмасуды, мәдени апталықтар ұйымдастыруды жүзеге асыруы тиіс.

Жер жәнатты — Жетісу өлкесінде кіндік қаны тамған дирижер, композитор Әли Алпысбаевтың шығармашылығын астаналық жұртшылыққа ұсыну — облыстар арасындағы мәдени байланысты арттыратын игі шара.

Әли Алпысбаев халқымыздың ұлттық сазын биік шыңға жетелеумен қатар, мәдени байланыстар делегациясының құрамында Қытай, Түркия, Польша, Үндістан, Корея, Болгария және Ресейдің ірі қалаларында көптеген халықаралық музыкалық форумдар мен фестивальдарға қатысты. Сонымен қатар еліміздегі академиялық Құрманғазы атындағы, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрлерімен, Астана қаласының оркестрімен дирижер-композитор ретінде отандық ірі концерттік залдарда өнер көрсетті. Жүздеген әннің, бірқатар ірі күй-поэмалардың және домбыраға арналып жазылған 3 бөлімді концерттің авторы, сондай-ақ театрларда сахналанған 10-ға жуық қойылымның музыкасын жазды. Ә.Алпысбаевтың әндері мен шығармаларынан құралған «Ауылдағы той», «Әнімді сізге арнадым», «Аққұсым» атты жинақ кітаптары жарық көрді.

Кешке «Алтын дауыс» республикалық байқауының жеңімпазы, лауреат Ырза Есенгелді, ҚР Мәдениет қайраткерлері Оралбай Мұхамедиев, Аян Мұхамедиева, халықаралық конкурстардың лауреаты Әсем Сембина қатысады.

Қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР Еңбек сіңірген қайраткер — Айтқали Жайымов.

Перейти к новостям спорта