Белгілі ғалым Абдусаттар Сманов дүниеден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі ғалым Абдусаттар Сманов дүниеден озды

Белгілі ғалым Абдусаттар Сманов дүниеден озды

Қазақ елі кеше бір ғалымынан айырылды.

  • 28 Қараша 2016
  • 3505
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінің мүшесі, ОҚО, «Сарыағаш» медресесінің директоры Абдусаттар Сманов ұстаздың дін саласында жасаған еңбегі орасан.

Бірқатар ғылыми еңбектердің авторы болған ұстаз бауырларымен бірге «Сарыағаш» медресесін талай жылдардан бері басқарып, өте көп шəкірттер шығарды. Марқұмның шəкірттері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде дін қызметін абыроймен атқаруда.

Ұстаз өзінің артынан өте көп шəкірт, ғылым ордасын жəне тəрбиелі отбасын қалдырды. Ол кісінің балалары да дінге қызмет етуде.

Сманов Абсаттар Шәкірұлы 1966 жылы қарашаның 5-жұлдызында Шымкент облысы Сарыағаш ауданы, Ленин совхозында (қазіргі ОҚО Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі Ынтымақ елді-мекенінде) дүниеге келген. 1973 жылы М.И.Калинин атындағы орта мектепке барып 1983 жылы бітірді.

1984 -1986 жылдары әскери борышын өтеді.

1987 жылы еркін күрестен спорт шебері кандидаттығын орындады.

1987-1989 жылдары аралығында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Сарыағаш балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде қазақша күрестен жаттықтырушы болып қызмет етті.

1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен тәмәмдады.

1995 –жылдан 2002 –жылға дейін «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу курсын басқарды.


2002-2004 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасын үздік бітірді.

2004 -2010 жылдар аралығында осы медреседе сауат ашу курсын басқарды.

2009 –жылдан бері ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.

2008 -2010 жылдар арасында Құрани Кәрімді толық қазақ тіліне аударды. Осы аударма химия ғылымдарының докторы Дияс Мырзақожаның демеушілігімен Малайзияда 2010 – жылы 10000 данамен басып шығарылды.

2010- жыл сәуір айының 29 –жұлдызында ҚМДБ ның төрағасы шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет — Сарыағаш медресесінің директоры — етіп тағайындады.

17.05.2011 жылы «Руханият»Халықаралық мұсылман университетінің Ғылыми кеңесі — теология профессоры — академиялық атағын берді. 2016 жылы 28-қаңтардан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры.

Алла ол кісіні өз рақымына бөлеп, баршамызға сол кісінің дəрежесіне жетуге жазғай!