Қалалық соттың ақпаратына қарағанда, Тоқмади 12 маусым күні таңертең Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша ("ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалау") күдікті ретінде ұсталған. Алмалы аудандық соты Тоқмадиді екі ай мерзімге қамауға санкция шығарған.
Ресми мәлімет бойынша, Тоқмади "2005 жылы аты-жөні анықталмаған адамдармен сөз байласып, "Семрюжком" фирмасы мен "КазСтройСтекло" құрылтайшысына күш көрсету арқылы бопса жасап, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталының үлесін иеленген".
Полиция 12 маусымда "КазСтройСтекло" зауытын тінтіген. Зауыт бас директорының орынбасары Людмила Шепелева сол кезде Азаттыққа зауыт аумағында тінту жүргізіліп, компьютерлер мен құжаттар тәркіленгенін хабарлаған.
ҰҚК-нің ресми өкілі ақпараттың кейірінек жарияланатынын айтқан. Ал ішкі істер министрлігі қандай да бір ақпарат таратпады.