Белгілі майдангер-жазушы Қалмұқан Исабаев өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі майдангер-жазушы Қалмұқан Исабаев өмірден өтті

Белгілі майдангер-жазушы Қалмұқан Исабаев өмірден өтті

Қазақ әдебиеті тағы бір алыбынан айырылды. Белгілі майдангер-жазушы Қалмұқан Исабаев 91 жасқа қараған шағында дүние салды.

  • 5 Желтоқсан 2015
  • 277
Фото - Caravan.kz

Он жылдық мектеп бітірген қазақ жігіті Германияда он жылға жуық комендант болады. Германиядан оралған соң, Шығыс Түркістанда барлау қызметінде болып, кейін Түркияға да сапар шеккен. Берлинде Абай һәкімнің атына көше бергізу де осы кісінің есімімен тікелей байланысты. «Елім үшін соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламыммен еңбек еттім» деген жазушы «Шоң би» романын жазу үшін 40 жыл өмірін мұрағат деректерін ақтаруға арнаған. Одан да бөлек көптеген шығармалар жазды. Қалмұқан Исабаев – тек жазушылығымен ғана емес, өмір жолымен де талайға үлгі болған дара тұлға. Марқұммен қоштасу ертең Алматыдағы Жазушылар Одағы ғимаратында өтеді.

Шериаздан Елеукенов
, филология ғылымының докторы, профессор:

-Қолына қару ұстап, анау Чехословакияға шыққан. Содан кейін комендант болып, қайтқаннан кейін жазушы болды. Бұл енді бір адам үшін… Меніңше, бір адам емес, он адамның істейтін жұмысы.

Соңғы жаңалықтар