Белгілі режиссер Эльдар Рязанов дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі режиссер Эльдар Рязанов дүниеден өтті

Белгілі режиссер Эльдар Рязанов дүниеден өтті

89 жасқа қараған шағында КСРО халық әртісі Эльдар Рязанов дүниеден өтті. Бұл туралы ТАСС-қа дүйсенбі күні режиссердің отбасы хабарлады.

  • 30 Қараша 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

Эльдар Рязанов 1927 жылы 18 қарашада Самара қаласында дүниеге келді. 1950 жылы БМКИ-ді (ВГИК)  бітірді.

1955 жылы «Мосфильм» студиясында Сергей Гуровпен бірге кең экранды «Көктемгі дауыстар» фильмін қойды. Келесі жылы киностудия басшысы И.А.Пырьев Рязановқа кинокомедия жанрын қолға алуды тапсырды. «Карнавальдық түн» фильмі зор табысқа жетті. Ол «Шағым кітабын беріңіз», «Итальяндықтардың Ресейдегі бастан кешкен оқиғалары», «Автомобильден сақтан», «Екеуге арналған вокзал», «Қызметтік роман», «Қатал романс» «Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен» және басқа да көптеген көрнекті фильмдерді қойды.

Рязанов көптеген жас актерлердің жолын ашты. Ол өзінің көптеген фильмдерінің тең авторы болды, бірнеше пьесалар жазды. 


Соңғы жаңалықтар