Белгілі режиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі Дариға Тінәлина өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі режиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі Дариға Тінәлина өмірден озды

Белгілі режиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі Дариға Тінәлина өмірден озды

90 жасқа қараған шағында белгілі режиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі Дариға Тінәлина өмірден озды. Кинематография әлемінің майталманы - қазақ қыздарының ішіндегі тұңғыш режиссер.

  • 4 Ақпан 2011
  • 621
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ ол бірнеше фильмге түскен актриса ретінде де танымал. Мәскеуде оқып жүріп, 1945 жылы “Абай әндері” фильміндегі Еркежан бейнесін сомдаған. Соғыстан кейін Дариға Байжұманқызы деректі фильмдер түсірген. Қазақ тілінің жанашыры о бастан фильмдерді ана тіліне аудару мәселесін қолға алғандардың бірі. 30 жылдан астам уақыт еңбек жолында қоңыр дауысымен мыңнан астам фильмді дубляждаған. Марқұммен қоштасу ертең «Қазақфильмде» өтеді.

Сламбек Тәуекел, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, кинорежиссер:
— Дариға Байжұмановна мінезі қаншалықты қатал, айғай-шуы көп режиссер болғанымен, кинематография ортасына өзіндік көрік беріп тұратын. Көп адамдар кетіп жатыр, тарихқа айналып, ол кісілерді мәңгілік жадымызда сақтаймыз. Өмірдегі өнегелерін кейінге жастарға жеткізуге тырысамыз.