Белгілі саясаттанушы Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы геноцид жайлы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі саясаттанушы Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы геноцид жайлы бар шындықты айтты

Белгілі саясаттанушы Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы геноцид жайлы бар шындықты айтты

Әлемдік саяси сахнада жаңа өзгерістер байқалуда. Таяу Шығысты ДАИШ-қа қарсы бағытталған шешуші шайқастар күтсе, Ресей өз кезегінде БҰҰ-на Донбасс мәселесі бойынша резолюцияны жіберді. Дональд Трамптың Солтүстік Кореяны әлем картасынан жоқ қыламын дегенін Ким Чен Ын құлағына да қыстыртпай, баллистикалық зымырандарын сынауды жалғастыруда.

  • 20 Қыркүйек 2017
  • 2427
Фото - Caravan.kz

Таяуда Мьянмада (ескі атауы — Бирма) үкімет әскерімен рохинджа мұсылмандары арасында болған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам қаза тапқан болатын.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы — Аракан) бірнеше полиция бекетіне және әскери казармаған жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 рет қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкімет әскерінің қатарындағы 15 адам мерт болған.

Бастапқыда аталып өткен жаһандық саяси өзгерістер мен Бирма еліндегі дағдарыстың байланысы қандай? Саясаттанушы Александр Князевтың «Еуразия.Эксперт» порталына берген сұхбатында бұл дағдарысқа Қытайдың да ықпалы бар екенін айтты.

«Бұл жағдайды Қытайға қарсы бағытталған әрекет деп санауымызға болады. Естеріңізде болса, рохинджа экстремистік тобының шекара бекеттеріне шабуылдары қытайлық CNPC компаниясының Бирмадағы рохинджа аумағы арқылы өтетін мұнай портын салу туралы шешімінен кейін ғана жүзеге асты. Сол порт арқылы мұнай Парсы шығанағынан Қытайға жіберіледі.

Александр КнязевАлександр Князев

Осыдан кейін діни принцип бойынша қысым көрсету туралы мәлімдемелер айтылды. Бұл бірнеше рет жүзеге асырылған сценарийдің қайталануы. Менің ойымша, бұл бір этникалық топты қорғауды сылтауратып, оларды тұтастай өзге елге көшірген Сербиядағы оқиғаларға өте ұқсас» , — деп мәлімдейді Александр Князев.

Сонымен қатар, сарапшының пайымдауынша, Мьянмадағы дағдарыстың ЕАЭО елдеріне де тигізер әсері мол. Себебі одақ мүшелері қағаз үстінде бірге болса да ,одан бөлек ешқандай тығыз қатынастарда тұрмайды.


«Басқа жақтан алып қарайтын болсақ, Мьянмадағы оқиғалар Еуразиялық Одақ елдеріне өте маңызды. Неге дейсіз? Мысалға, бұл оқиғалар Ресейдегі мұсылман аудандарына іріткі салып, ол жердегі күштерді қозғауға мүмкіндігі жоқ екеніне қарамастан, «Еуразиялық Одақта мұсылманның құқықтарымен бәрі оңтайлы емес» деген бағыттағы көңіл-күйлерге өзінің кірпішін салып отырғаны айғақ.

Сондықтан да, Бирма оқиғаларының әсері менен біздің аймаққа маңыздылығын толыққанды түсіну үшін белгілі бір мемлекетте саяси жағдайды қозғау технологияларынан хабардар болуыңыз керек. Ал бұндай технологиялар Одаққа кіретін кез келген елге қарсы қолдануы да мүмкін», — деп қорытындылайды саясаттанушы.

Мақала авторы: Сырым Иткулов