Белгілі жазушы, драматург Қалмұқан Исабай көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі жазушы, драматург Қалмұқан Исабай көз жұмды

Белгілі жазушы, драматург Қалмұқан Исабай көз жұмды

Алматыда белгілі майдангер жазушы, ҰОС ардагері Қалмұқан Исабай қайтыс болды. Бұл туралы Жазушылар одағының хатшылығы хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 584
Фото - Caravan.kz


Ертең Жазушылар одағының ғимаратында таңертеңгі сағат 10-да жазушыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.

Қалмұқан Исабай 1925 жылы Павлодар облысындағы Баянауылда туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 
1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры қызметтерін атқарған. 1985 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғашқы әңгімелер жинағы — «Баян» атты әңгімесі 1959 жылы жарық көрді. Бұдан соң «Ажал құрсауында», «Жұмбақ үй», «Бетпе-бет», «Соңғы тәулік» повесть, әңгіме, очерктер жинақтары, «Cұнқар самғауы», «Айқыз», «Жолдас комендант», «Көгілдір қазына», «Серт», «Арна» т.б. романдары басылды.
Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы, Құрмет ордендерімен, және көптеген медальдармен марапатталған.

Перейти к новостям спорта