Белгілі журналист Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі журналист Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі журналист Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

 

  • 2 Тамыз 2016
  • 750
Фото - Caravan.kz

Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрінiң кеңесшiсi және қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi әрі кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министр Жеңіс Қасымбек Фейсбуктегі парақшасында жария етті, деп хабарлады Caravan.kz

Ж. Қасымбектің айтуынша, министрлiкте Ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын арнайы департамент құрылуда. Алдағы уақытта аталған департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтудi көздеп отыр екен.

Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары — баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Берік Уәлиді жаңа қызметімен құттықтап, министрліктің жұмысын халыққа жақындатуға бағытталған игі істердің бастамашысы болатынына сенетінін білдірді.


Соңғы жаңалықтар