Белгісіз біреулер шымкенттік мұғалімнің атынан 4 несие алған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгісіз біреулер шымкенттік мұғалімнің атынан 4 несие алған

Белгісіз біреулер шымкенттік мұғалімнің атынан 4 несие алған

Белгісіз біреулер Шымкентте тұратын мұғалімнің атынан төрт несие рәсімдеген.

  • 21 Ақпан 2021
  • 74
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттік мұғалім редакциямыздың WhatsАpp нөміріне 18 қаңтарда белгісіз біреулер Қостанайда микроқаржы ұйымынан оның атынан төрт несие рәсімдеп, Алматыда ақшаны қолма-қол шығарып алғанын айтып шағымданды.

"Мен өмірімде бір рет те бұл қалаларға барған емеспін. Мен қайта қаржыландыру жасауды жоспарлап, Шымкенттегі ХҚКО-ға бардым және бірінші кредиттік бюро арқылы 135 мың теңгенің төрт қарызы барын білдім. Мен мектепте жұмыс істеймін, интернетте отыруға және алаяқтық схемаларға түсуге уақытым жоқ. 18-і күні мен жұмыста болдым. Мен жеке куәлігімді, ЖСН-ді ешкімге қалдырмадым", — дейді шымкенттік мұғалім.

Ер адам полицияға және прокуратураға шағым жазған, бірақ әзірше алаяқтар табылмапты.

"17 ақпан төлемнің соңғы күні болған, бірақ мені ешкім шақырмады, несие ұйымынан төлем қажеттілігі туралы хабарлама келмеді. Демек, менің ойымша, олар үшінші тараптың мобильді нөмірімен рәсімдеген. Мен өзім хабарласуға тырыстым, олардың 20-дан аса филиалы бар. Екеуіне қоңырау шалдым, бірақ нөмірі өшірулі"
, — деді ол.

Шымкент қаласының полиция департаментіндегілер бұл іс бақылауға алынғанын айтты.

"Шымкент қаласының тұрғыны 2021 жылдың 18 қаңтарында белгісіз тұлға алаяқтық жолмен оның атынан 135 000 теңге төрт шағын несие рәсімдегенін айтып, арыз жазды. Бұл дерек бойынша әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі және криминалдық полиция бөліміне тапсырма берілді. Қазір тексеріліп жатыр", — деп мәлімдеді полициядағылар.

Соңғы жаңалықтар