Белгісіз дерт: Қостанай тұрғынының бетінде үлкен ісік пайда болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгісіз дерт: Қостанай тұрғынының бетінде үлкен ісік пайда болған

Белгісіз дерт: Қостанай тұрғынының бетінде үлкен ісік пайда болған

Ер адам жеті жылдан бері жұмыс істемейді, оң жақ көзі мүлдем көрмейді екен

Қостанай облысындағы ауыл тұрғынының бетіне шыққан томпақ жара біртіндеп үлкен ісікке айналған, жергілікті дәрігерлер диагноз қоя алмапты, деп жазады "Костанайские новости" жергілікті басылымы. Арқалық қаласы маңында орналасқан Молодежное ауылының 54 жастағы тұрғыны Александр Васильев жеті жылдан бері бетіндегі үлкен ісікпен өмір сүріп келеді, мұндай дертпен жұмыс істеуге де қауқарсыз.  "2010 жылы әкемнің мұрнының үстінде кішкене томпайған жара пайда болды. Қостанайға барып емделмек болдық. Бүкіл сараптама, биопсия тапсырды, бірақ дәрігерлер диагноз қоя алмады. Мұндайды ешқашан көрмеппіз деді. Сөйтіп, үйге қайта оралдық, ал ісік біртіндеп ұлғая берді", — дейді қостанайлықтың қызы Ирина. Александрдың үнемі басы ауырады екен әрі оң жақ көзі мүлдем көрмей қалған. "Жақында Арқалыққа онколог дәрігер келді. Әкемді қарап болған соң, ауруды басатын күшті дәрі "Трамадол" жазып берді, әкем оны тегін алып жүр. Қалған дәрілерді өз қаражатымызға аламыз. Анам науқасқа қарап, үйде отыр", — дейді Ирина.

  • 20 Сәуiр 2017
  • 568
Фото - Caravan.kz



"Александр жәрдемақы ала ма?" деген сұраққа Арқалық қаласының өңірлік емханасындағылар былай деп жауап берді: онкологиялық диагноз қойылмағандықтан, жәрдемақы берілмейді екен. Васильев екінші рет биопсия жасату үшін облыстық онкологиялық диспансерге баруы тиіс, себебі бірінші биопсияда онкологиялық дерт анықталмаған.