Кездесу барысында Бельгияның сыртқы саясат мекемесінің жетекшісі 2005-жылғы жазда Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға ниеті бар екенін растады.
Сонымен бірге Бельгиялық елші «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға Бельгия төрағалық жасайтын 2006-жылы және соған дейін де Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі өтінішіне қолдау көрсету үшін белсенді диалогқа әзір екенін» атап көрсетті,- делінген ҚР СІМ-нің хабарламасында.
К.де Гюхт екі жақты ынтымақтастықтың зор қарқынмен дамып келе жатқанын атай отырып, Бельгия парламентінде сенат спикері Анн-Мари Лизиннің басқаруымен «Қазақстан-Бельгия» достық тобының құрылғанына қолдау білдірді.
Тараптар сондай-ақ биылғы жылға белгіленген ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың Брюссельге, ал Бельгияның экономика министрі М.Вервильхеннің Қазақстанға сапарының маңызын атап көрсетті.