Жарияланды: 490

Бельгия соты мұсылман қызына 10 мың еуро өндіріп беруге қаулы шығарды

Бельгия соты мұсылман қызына 10 мың еуро өндіріп беруге қаулы шығарды

Бельгия соты «Хима» сауда фирмасынан шариғат талабына сай киінгені үшін жұмыстан қуылған қыздың пайдасына үкім шығарды. Бұл жайында «әл-Аравия» хабар таратты, деп хабарлайды muslim.kz.

Өткен жылдың ақпан айында сауда фирмасы Исламды қабылдап, шариғат талабына сай киінгені үшін бельгиялық 21 жастағы Джузи Фанденбусты жұмыстан шығарған болатын. Шариғат талабына сай киініп, 2 ай ғана жұмыс істеген қызды фирма басшылары клиенттердің арыз-шағымын желеу етіп, жұмыстан қуған көрінеді. Алайда, Джузи өз құқығын қорғап, сотта жеңіп шықты. Бельгиялық қазылар алқасы оған фирмадан 10 мың еуроны құрайтын алты айлық еңбекақы мөлшерінде өтемақы өндіріп беруге шешім шығарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін